in

«Сіздерді асыға күтемін!»: Айгүл Иманбаева қуанышты жаңалығын жеткізді

Актриса, әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Шығармашылығындағы жаңалықтарға тоқталған ол  Франция мен Испанияда концерт өткізгенін айтты. Енді көрерменді Түркиядағы кешінде күтетінін жеткізді.

«Франциядағы концертіме ұлттық колоритті сақтай отырып, заманауи стильде арнайы тіктірілген көйлек. Бұл брендтің әрбір киімінен ұлттық нақыштағы көне элементтер кездесіп, қазақтың иісі аңқып тұрады! Еңбектеріңізге алғысым шексіз! 24 мамыр күні Стамбұл қаласында өтетін концертіме оқырмандарым келсе, қуаныштымын. Сіздерді асыға күтемін! Ал Испания, Мадридтегі концертімнен видеоны алдағы уақытта жариялайтын боламын», – деді өнер иесі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.