in

«Такси жүргізушісінің ата-анасы жылап жіберді»: Жұлдызай Дүйсенбиева танымайтын адамның тойына барғанын айтты

Актриса, әзілкеш Жұлдызай Дүйсенбиева Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында такси жүргізушісіне қуаныш сыйлаған сәті туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол такси жүргізушісінің адамгершілігіне тәнті болған. Айтуынша, жүргізуші жолда келе жатып, еш сөзге келместен актрисаның өтінішін орындап, үйінде қалдырған затын әкелген, әдептілік көрсеткен. Бұған риза болған ол  Шымкентке тойына барған.

«Негізі такси жүргізушілерге бір жерге тоқтаңызшы десең, үстіне қосамын, тағы бірдеңе деп ұрсып жатады. Бірде таксиге міндім, жас жігіт екен, жолдан гүл алып алуым керек еді деп едім, сөзге келместен апай жолдан емес, ана жерден аламыз деп, бұрылды. «Сіз отыра беріңіз, ақшаңызды берсеңіз, мен әкеліп беремін» деді. Гүлімді де, қалған ақшаны да әкеліп берді. Қап, конвертті ұмытып кетіппін ғой дей берген едім, басқа жерге барып, конвертімді де жеткізді. Енді бір сондай жүзі жылы, жақсы бала екен. Содан әңгімеден әңгіме шығып, «Сізді тойға шақырсам деймін, бірақ сізге ақшам жетпейтін шығар, ә?» деді. Ішімнен біртүрлі болып қалдым. Адамның күні адаммен ғой. «Тойың қашан еді?» деп сұрадым. Көмекшім Әлидің нөмірін бердім. Тойға қарсы хабарлас, егер екеуміздің де ниетіміз тура болса, тойыңа барамын дедім. Ішімнен сол уақытқа Шымкентке бір жұмысым шығып қалса жақсы болар еді деп ниет еттім. Бірақ жол түспесе, көремін дедім. Алайда ешқандай жұмысым шықпады. Әлиге 2 күн қалғанда жазыпты. Сен оған айтып қой, алдымнан шықсын дедім. Атын да білмеймін, бірақ түрі есімде. Сонымен арнайы көлік жалдап бардым. Тойға кіріп барып едім, баланың әке-шешесі үлкен кісілер екен, жылап жіберді. Баламыз «Жұлдызай келе жатыр дегенде сенбеп едік» деп жатыр», – дейді Жұлдызай Дүйсенбиева.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Айнур Асанберди (@ainur_asanberdi)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.