in

«Туған күнің құтты болсын, махаббатым»: Баян Алагөзова күйеуіне ерекше сыйлық берді

Продюсер Баян Мақсатқызы күйеуінің туған күніне ерекше сыйлық берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желіде жолдасы, кәсіпкер Тұрсын Алагөзовті 56 жасқа толған күнімен құттықтап жатқан сәттегі видеоны жариялады. 

“Бізде бүгін туған күн. Жолдасымның туған күні. Анам мен қызым туған күн иесіне сыйлықтарын берді. Қазір Тұрсын тілегін айтады. Менің сыйлығым да ерекше. Өзі жақсы көретін құлаққап сыйладым. Туған күнің құтты болсын, махаббатым”, – деп жазды Баян Мақсатқызы.

Желі қолданушылары продюсердің сыйлығына таңданысын жасырмады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.