Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желідегі парақшасында әнші Дженнифер Лопес туралы әзілдеді, – деп жазды Aikyn.kz.
Айта кетейік, қазір Астанада Дженнифер Лопестің концерті өтіп жатыр. Концерттің жарнамасында әншінің қалың киіммен түскен суреті жарияланған. Тұрсынбек Қабатов әнші Астананың ауа райына сай киінгенін айтып, қалжыңдады.
«Дженнифер апама Астанада күн суық, жылы киін деп айтты-ау біреу», – деп жазды Тұрсынбек Қабатов.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.