in

Тұрсын Алагөзов пен Баян Мақсатқызының үйлену тойы болады

Кәсіпкер  Тұрсын Алагөзов пен Баян Мақсатқызы Алматыда қыздары Алма мен Алисаның тұсаукесер тойын жасады, – деп жазды Аikyn.kz.  

Тойда сөз сөйлеген Баян Алагөзова әр күні мереке болғанын жақсы көретінін айтты. Продюсердің сөйлеген сәтіндегі видеоны әнші Мадина Сәдуақасова парақшасына жариялады.  Онда Баян Алагөзова келесі жылы тағы той жасауы мүмкін екенін айтты.

«Мен тойлағанды жақсы көремін. Жаным үнемі мерекені қалайды. Үйге барған соң таңертең тұра сала Тұрсынға «Тағы да тойлағым келіп тұр» деп еркелей аламын. Келесі жылы бірге тұрып жатқанымызға он жыл болады екен. Мен тұрмысқа шыққым келеді. Тұрсын маған дұрыстап үйленген жоқ. Той жасап, қыз жолдастармен бірге билегім келеді», – дейді Баян Алагөзова.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM    арнасынан табасыз.