Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі, актер Дархан Мұсаев бұрынғы жұбайына шүйлікті, – деп жазды Aikyn.kz.
Актер әйелі сұхбат барысында өтірік айтқанына ашуланды.
“Экс-ханым, берген сұхбатыңда “Таптым-ау сені” фильмін түсірмей тұрып, кетіп қалдым депсің. Онда неге сол кинодағы мотоцикл заң жүзінде менің атымда тіркеледі. Неге онда сол мотоциклді саған айдап үйретемін? Халыққа соны ашып айтсаң. Ашып айта алмасаң, мен айтамын шындықты! Халықтың алдында жалған сөйлеуге қалай дәтің барады?! 2012 жылы жерді өзім алдым, әкем сол жердің басына палатка құрып қонып жатып, өзі бастап тұрғызып берген. 2015 жылы өз атыма несие алып, той басқарып, жұмысшылар жалдап, өзім салғанмын. Сол 2007-2015 жылдар аралығында қай жерде жұмыс істеп едіңіз? Қай жерде жұмыс істеп, қай ақшаңа салып едің?” – деді Дархан Мұсаев.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.