in

Шығыс әлемінің шымыр аңызы

Бұл спектакль – Ермек Аман­шаевтың әйгілі «Қыр ас­тындағы сол бір ғажайып әлем» әфсанасының желісіне негіз­делген шығыстың асыл туын­дысы. Ал режиссерлік тізгінді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты Нұрқанат Жа­қыпбай ұстаған. Өзінің айрықша режиссерлік қолтаңбасымен ол спектакльге терең мағына мен заманауи сахналық көркемдікті дарыта білді. Қойылымның жа­ңашылдығы – оны эпикалық үлгіде сахналағанында. Алғаш рет бұл шығарма бірнеше жыл­дар бұрын қойылған болса, бұл жолы бастапқы мәнерін сақтауға тырысқанымен эпикалық үлгіде жаңғырған.

«Мың бір түн» қойылы­мы­ның көрерменге басты айтқысы келген ойы – қиял-ғажайып әлемге шектен тыс ерік бермей, шынайылықпен өмір сүру. Ен­деше «Мың бір түн» – жай ғана қойылым емес, сондай-ақ жан мен жүректің, билік пен махаб­баттың, сенім мен құпияның сах­надағы шайқасы. 

– Бұл шығарма осыдан 20 жыл бұрын Алматыдағы Ғабит Мү­­сірепов атындағы Қазақ мемлекеттік ака­­­демиялық балалар мен жасөспірімдер теат­рында қойылған еді. Уақыт өте келе, осы туын­дыны жаңа қы­рынан, бүгінгі заманға бейім­деп, Жастар теат­рының сахна­сына қайта әке­луді жөн санадым. Бұл театр­дың ак­терлік құрамы мен шы­ғар­ма­шылық әлеуетіне сен­ген­дік­тен, мүлдем өзгеше ре­жис­сер­лік көз­қараспен қойып отыр­мын. Бұрын комедияға жақын қойы­лым болса, бұл жо­лы терең фи­лософиялық мәнге, көрер­мен­ді ойға жетелейтін астарлы дра­­малық бағытқа ден қойдық, – дейді Нұрқанат Жақыпбай. 

«Мың бір түн» қойылымын басқа қойылымдардан ерекше­лейтін бірнеше тұстары бар. Ең біріншісі, шығарманың эпика­лық кейіпке енуі. Басты кейіп­кердің өміріндегі бір ғана ма­ңызды оқиға арқылы көрермен шығарманың астарындағы басты мәселеге назар аударып, са­ра­лай­ды. Екіншісі, философиялық тұрғыдағы сұрақ: «сүріп жатқан өмірім түсім бе әлде өңім бе?» деген қиял мен шындықтың ара­сындағы адамзаттық клас­си­ка­лық қақтығысты байқауға бо­ла­ды. Ал үшіншісі, атауымен за­манауи бағыттағы өмірді көр­сете білуі. Қиял мен шынайы­лықтың аражігін ажырата алмай жүрген адам бейнесін осы туын­ды суреттейді. Басты кейіпкер Әбілқасан ұйықтап жатып, тыл­сым құдіреттің күшімен билеуші Харун Ар-Рашидтің кейіпінде оянады. Әбілқасан – мінезі өте ашық, аңқау, қиялға ерік беретін кейіпкер. Билеушінің рөліне еніп, айналасындағы барлық болып жатқан шынайылықты көзі көрмейді. Өзінің жұбайы Зухраға да мінезін көрсетеді. Жанындағылар болса оны жын ұрды деп ойлап, жындыханаға еріксіз қамап қояды. Жындыхана басшысының өзін соңында қа­мап қойып, ол жерден қашып шыққанда шынайы билеуші Харун Ар-Рашидпен жүздеседі. Сол кезде басты кейіпкер шына­йылықпен бетпе-бет келеді. Бұл қойылымның сюжеті де Әбіл­қасан сияқты шынайы өмірмен емес, қиялмен өмір сүріп айна­ласындағыларға қаншама зар­дабы мен кесірін тигізетінін біл­мейтін өмірдегі адамдардың сыртқы бейнесін көрсетуге не­гізделген. Қойылымдағы бале­т­мейстердің жұмысы, музыка, композициялар, сахналық ше­шімдер мен қосымша рекви­зит­тер де үйлесімді таңдалған. 

«Мың бір түн» қойылымы – терең ой мен  тек әдемі сахналық жұмыс қана емес, бүгінгі қоғам үшін маңызды ой тастайтын, рухани азық бола білген туынды. Театр ұжымы көркемдік деңгейі жоғары қойылымды ұсыну ар­қылы қазақ театр өнерінің мәр­тебесін тағы бір биікке көтерді.

 

Абылайхан ДҮЙСЕНБЕК,

ЕҰУ студенті