Халық әртісі Мақпал Жүнісова 21 жасындағы суретін жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі Семей өңіріне барып, концерт қойғанда өзіне ат мінгізген сәтті есіне алды.
«Шұбартауда мінгізген алғашқы атыммен естелік сақталыпты. Семей өңірінде Шопандар тойында . Ішінде екі Халық артисі бар: марқұм Жәнібек Кәрменов және Қайрат Байбосынов. Мен ол кезде жас әншімін, 21 жаста едім. Суреттер сыр шертеді деген осы», – деп жазды әнші.
Желідегі оқырман әншіден осы уақытқа дейін қанша ат мінгенін сұрады.
«100-ге дейін санағанмын. Бірақ мінгізеді де, артынан өздері ұмытып кетеді. Менде ол аттарды күтетін жерім де, фазендам да жоқ. 40 шақтысы соғымға келді, туғандарға таратып дегендей», – деп ағынан жарылды әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.