in

«Эгоист болмайық, өтініш!»: Мөлдір Әуелбекова ренішін білдірді

Әнші Мөлдір Әуелбекова жолда баяу жүретін көлік жүргізушілеріне ренішін білдірді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Айтуынша, олар шаруасымен асығып бара жатқан адамдарға кедергі жасайды.

«Құрметті жүргізушілер! Сол жақ жолаққа шығып алып, 40/50 жылдамдықпен жүруді қойыңыздаршы. Ол үшін оң жолақ бар. Сіз жайбарақат, жайылып жүргенде, ел асығыс: жұмысқа, ауруханаға, әуежайға кешігіп жатуы мүмкін. Оң жаққа шық та, керек десең, 20-мен жүр. Бірақ сол жолақты босатшы, өтініш! Эгоист болмайық! Жол бәріне ортақ!», – деп жазды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.