Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері, сахна саңлағы Сапар Өтемісұлы өмірден өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.
– Сапар Өтемісұлы – 60 жылдан астам уақыт бойы өнерге адал қызмет етіп, Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының өсіп-ілгерілеуі жолында тынбай тер төккен, ұлттық театр өнерінің шоқтығы биік тұлғаларының бірі.
Ол жүздеген рөлдері арқылы қазақ сахнасының өрісін кеңейтіп, көрерменнің жүрегіне жол тапқан шынайы өнер иесі еді. Өмірін театрға арнап, ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан қайраткердің еңбегі ел жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын! – делінген министрліктің көңіл айту хабарламасында.