Әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаева әлеуметтік желіде оқырман сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Желідегі оқырман одан күйеуі, актер Ғазірет Ержановпен қалай танысқанын сұрады. «Сіз күйеуіңізбен «Рауза» телехикаясының түсірілімінде таныстыңыз ба?» деп сұрады желі қолданушысы.
«Иә, біз «Рауза» сериалында таныстық. Сол кездегі таныстық өміріміздің жаңа кезеңіне жол ашты», — деді Кәмшат Жолдыбаева.
Сонымен қатар Кәмшат Жолдыбаева неге кейінгі кезде киноға түспей жүргенін айтты.
«Шүкір, шақыртулар аз емес. Бірақ қазір киноға түспеуімнің өз себебі бар. Киноны сағындым, ал кино мені сағынған шығар. Бір күні біз қайта кездесеміз», – деп жазды ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.