in

«Қайрат терезеден ұшып кетті…»: Гүлзира Айдарбекова жол апатына түскен кезін еске алды

Продюсер Гүлзира Айдарбекова осыдан бірнеше жыл бұрын жол апатына түскен сәтті еске алды, – деп жазды Aikyn.kz.

Айтуынша, сол уақытта Қайрат Нұртас ауыр жарақат алған. Содан бері көзілдірік тағуды әдетке айналдырған.  Продюсер өміріндегі сол қиын кезең фильмге арқау болғанын атап өтті. 

“Қытайға ұшамыз деп асығып келе жатып, жол апатына ұшырадық. Көліктен түк қалмай, шелпек болып қалды. Бірақ Құдай сақтады. Ауыр соққы алған Қайрат терезеден ұшып кетті. Әйнектер сынып, денесіне, қасының астына қадалып, содан тыртық пайда болды. “Өкініш” фильміне жол апатын, қалай көліктен аударылғанын және өзімнің сол кезде қандай күйде болғаным айнытпай түсірілді. Тіптен жүрегім сезіп телефон соққаныма дейін”, – деп жазды продюсер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.