in

«Қай жерден қате кетті?»: Жұлдыз Әбдікәрімова оқырманды ойландырып қойды

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында үйінің жөндеу жұмыстары көңілінен шықпай жатқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Актриса желіде оқырмандарымен сырласты. Ол жұмыс өзі жоспарлаған уақытта бітпейтінін ойлап, көңіл күйі  түсіп жүргенін жеткізді.

“Мынау бір құрылыстың мен жоспарлаған уақытта бітпейтініне көзім жетті. Тым жақсы басталған жөндеу жұмыстарының бүгін берекесі қашып, күл-талқаны шыққаны ма? Қалайша? Қай жерден қате кетті? Нені өткізіп алдым? деген түрлі сұрақтар туындады. Ойлай берсем, ойдың түбіне түсіп кетейін деп тұрмын ғой. Сондықтан бүгін ештеңе ойламай, жәй сіздердің қызық оқиғаларыңызды оқиыншы “, – деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.