in

«Қалай ұмытайын?!»: Қарақат Әбілдина Мақпал Жүнісова мен Заманбек Нұрқаділов жайлы жантебірентер жазба жариялады

Әнші Қарақат Әбілдина Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға қатысты осыдан 20 жыл бұрынғы естелігін айтып берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші өзіне Мақпал Жүнісова қымбат сый жасағанын атап өтті.

«Әлі есімде… Домбырамды арқалап, үлкен сахнаға имене шыққан кезде Заманбек ағамыз бен Мақпал апамның ықыласын көрдім. Оқуды аяқтап, диплом алған жыл ғой. Қыдекең екеуміздің кішкентай шаңырағымызға үлкен бастарын иіп Зәкең мен Мақпал апамыз, көзі тірі Мадина Ералиева апамыз құтты болсын айтып келген еді. Сол кезде Мақпал апам қолыма алтын сағатын салып, “Менің жолымды берсін!” деп батасын бергені бар. Ең алғашқы алтын сағатымды Мақпал апамнан алған баға жетпес сыйлық ретінде әлі сақтап келемін», – дейді Қарақат Әбілдина.

Сонымен саясаткер Заманбек Нұрқаділов те батасын бергенін айтты.

«Зәкең: “Қыдырәлі, өнер адамы деген бөлек әлем. Қолыңнан келсе, Қарақатты өзіңмен бірге үлкен сахнаға алып шық, өнер жолынан алыстатпа! Мен сияқты алақаныңа салып аяла! Бұл сондай құрметке лайық бала”, – деп өнерімді оң бағалаған. Аллаға шүкір, аузы дуалы үлкен кісілердің батасын алғаннан жаман болған жоқпыз. Бұндай естеліктерді қалайша ұмытайын?!» – деп жазды Қарақат Әбілдина.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.