Әнші, сазгер Роза Әлқожа «КешREC» бағдарламасында жастық шағындағы оқиғасын айтып берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі күйеуімен қалай танысқанын еске алып, студент шақтағы естеліктерін бөлісті.
«Өзі «Бизнес-планмен келгенмін» деп айтады. Осы қызды қаратып аламын деп бір жігітпен бәстескен. Жарықты өшіріп майшаммен өлең оқып отырғанда бөлмеге екі жігіт кіріп келді. Екінші жігіт неге екенін, қызық көрінді. Қаланың жігіті екені байқалды. Ал біз ауылда өскен қыздармыз. Бірақ ол жігіт маған қарамай қойды. Бүкіл қыздармен әңгіме, анекдот айтып отырды. Кейін барып шақырып, өзінің ойын айтты. Сосын өзінің ата-анасымен таныстырды. Содан кейін мен де ата-анаммен таныстыруым керек шығар деп, ауылға ертіп барғанмын. Қызық болған. Бір аптадан кейін құдалық болды», – дейді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.