in

Қарағанды облысында көлік қозғалысы жылдамдығына шектеу енгізіледі

ҚазАвтоЖол Қарағанды облысында көлік қозғалысының жылдамдығына шектеу енгізілетінін мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«4 қараша сағат 01:00-ден бастап Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «KAZ01 Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының 92-164 шақырым аралығында (Анар стансасынан Теміртау қаласына дейін) көліктің барлық түрлері үшін жылдамдық шектеуі 140 км/сағ-тан 80 км/сағ-қа дейін төмендетіледі», – делінген хабарламада. 

Жылдамдық режимін 2025 жылғы 4 қараша күні сағат 09:00-де қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр. Бұл ауа райының тұрақтануына және қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне байланысты жүзеге асырылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.