in

«Құдайдың құдіреті»: Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін қалай өмірге әкелгенін айтты

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жүктілігі барысында денсаулығында қандай мәселе болғанын ашық айтты, – деп жазды Аikyn.kz. 

Айтуынша, дәрігерлер денсаулығына алаңдап, кесар тілігіне дайындаған. Төрт баланы табиғи жолмен босанған ана үшін мұны есту оңай болмаған. Актриса әйелдерге ең бастысы, ішкі сенімін жоғалпауға шақырды. Дәрігердің қырағы болуы да маңызды екенін атап өтті.

«Ота жасайтын таң. Түні бойы уайымнан ұйықтай алмадым. Аяғым кесір тілігіне тартпаған соң, отаға бармадым. Қайта УДЗ, КТГ жасап, дәрігерлер жіті бақылауға алды. Құдайдың құдіреті дерсіз. Бір таңғаларлық ғажап жайт болды! УДЗ нәтижесі бойынша осыдан бір апта бұрын қойылған диагноздың көрсеткіші жоқ. Бала дұрыс жатыр әрі төмен түсіп жайғасыпты, екі рет оралған кіндік шешілген, плацента 2,7 см көтерілген… Осыдан кейін мамандар қайта консилиум өткізіп, толғақты күтеміз деген шешім шығарды. Оның қауіп-қатерін де ашық айта кетті. Бәрібір  мендегі ішкі түйсік «жақсы болады» деген сенім жігерлендіріп тұрды. Оған дейін күнделікті дәрігерлердің бақылауында болдым. Демалыс күні бәрі бірқалыпты болған соң үйге сұранып кеттім… 39-аптаның таңы. Ертерек тұрып, иіс шығарып, самса пісіріп пысықтығым ұстаса бола ма?! Тоқтай алмай үй жинап, киім үтіктеп өзім-ай, өзім болдым өзінше. Әй, осы бүгін босанам-ау дедім де, дәрігеріме хабарласып перзентханаға жеттім…», – дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.