in

«Үйленетінімді оған айттым»: Димаш Құдайберген командасындағы жігітке тосын сый жасаған

Әнші Димаш Құдайбергеннің  DQ Team  командасындағы бек-вокалист Расул Усманов Димаш өзіне күтпеген жерден қуаныш сыйлағанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Оның сөзінше, командаға қосылғаннан кейін шамамен жарты жылдан соң Димаш Құдайбергенмен жеке өмірі жайлы әңгімелескен.

«Мен жазда үйленетінімді айттым. Сонда Димаш «тойыңа барамын» деді. Ол сөзге аса мән бермедім. Алайда жазда ұзату тойы өтіп жатқан күні Димаш хабарласып, мекенжайды сұрады. Сол сәтке дейін сенбедім. Бірақ ол шынымен келді», –  деді Расул Усманов «1001 түн» бағдарламасында.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Qazaqstan Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.