“Рэкетир” фильмінің актерлері Саят Исембаев пен Әсел Сағатова желіде видео жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
“Әсел, бұл сен бе? Мен сені 19 жылдан бері көрмедім. Ұлды болғанымызды білесің бе? Қазір ол өсті. Осы маңайда бір жерде қыдырып жүр, оның аты Сануржан”, – дейді Саят Исембаев видеода.
Олардың әзілін желі қолданушылары жылы қабылдап, қолдау білдірді.
“Саян – бала күніміздегі краш”, “Әсел сондай сұлу, сондай сүйкімді”, “Жақсы әртістер, рақмет”, “Екі үздік актер кездесті”, “Қандай әдемі жұп”, – деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.