in

Ұлы Отан соғысына ғана емес, Жапон соғысына да қатысқан Рахымжан Мамралиев

Ұлы Отан соғысының ардагері Рахымжан Мамралиев 1925 жылы 25 қаңтарда Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына дейін Жамбыл ауылында жұмысшы болып еңбек еткен.

1943 жылы қаңтар айында Жамбыл аудандық әскери комисс а ри а тынан соғысқа аттанған. 1943-1944 жылдары Приморск өлкесін, Ворошилов қаласын азат етуге қатысқан. Жапон соғысына қатысып, Маньчжури я да болып, соғыс біткен соң 1951 жылға дейін  Корея Республикасының Сеул қаласында болған. 1951 жылы қараша айында елге оралған. 

1953-1962 жылдары Талас ауданы Ақкөл колхозында есеп бөлімінің басшысы қызметін атқарған. 1963-1966 жылдары Жамбыл ауданы Бірлесу Еңбек колхозында есепші болып еңбек еткен. 1966-1971 жылдары Жамбыл ауданы Аса ауылында, 1971-1985 жылдары Свердлов (Байзақ) ауданы Фрунзе колхозында май зауытының бастығы болып жұмыс атқарған. 1985 жылы зейнетке шыққан.

«Еңбек Қызыл ту», 2-ші дәрежелі «Отан соғысы»  ордендерімен, «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «1 941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20, 30, 40, 50 жыл», «Еңбек ардагері», «Қарулы Күштерге 50, 60, 70 жы л» медальдарымен марапатталған.  Отбасында 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген, 19 немересі, 6 шөбересі бар.