Халық әртісі, әнші Роза Рымбаева Димаш Құдайбергенге дауыс көтеремін деп сынға қалды, – деп жазды Aikyn.kz.
Сахна сыртында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.
«Сізбен сахнаға шығуымның өзі мәртебе ғой. Аман болыңыз», – дейді Димаш Роза Рымбаеваға.
Роза Рымбаева Димашқа «қойшы» деп жауап қайтарып, кетіп бара жатқанын байқауға болады. Роза Рымбаеваның бұл әрекетін желі қолданушылары сынға алды.
«Қойшы» деп өте шыққанша, бір ауыз жылы сөз айтқаны мұндай әншіге тіптен жарасар еді…», «Роза апай Димашқа ренжулі ме?», «Бибігүл – аңыз апамыз, Димашқа тұрып амандасады, ал Рымбаева тіпті қарап сәлемін алуға жарамады!», «Ұят болды», – деп жазды желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Dimash_Latvia_Dears (@dimash_latvia_dears)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.