Актриса, әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова тағы да алаяқтарға алданып қалды, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол бұл жолы үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп беруге уәде еткен компанияға сенім артқан.
“Осыған дейін (2 жыл бұрын) жарнамасы жар салып тұрған компанияға сеніп, жиһазға тапсырыс бердім. Келісімшартқа отырып, 70 пайыз төлем жасадым. Уәде еткен уақытта тапсырысымды әкелмегені былай тұрсын, маған мүлде жауап бермей, аяғында мені блокқа тығып, қашып кетті. Келісімшартта көрсетілген мекенжай жалған болып шықты. Бұдан да сабақ алдым! Қазір тек көзімді жеткізіп барып тапсырыс беремін деп шештім”, – дейді актриса.
Ол кейінгі кезде жүйкесінің сыр беріп жүргенін айтады.
“Демалыста жүргендерді уақытша бұғаттай саламын-ау деймін. Әбден жүйкеге тиіп бітті”, – дейді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.