Әнші Ерке Есмахан желідегі парақшасында оқырмандарының сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Оқырмандарының бірі әншіге “Сізді психологтар күйеуін алдауды біледі деп жатыр ғой” деп әзілдеп, сауал жолдаған. Өнер иесі мұны жауапсыз қалдырмады.
“Қателеседі олар. Ешкімді алдамаймын. Мен сүйгенді сүйемін. Психологтарға айтарым, әйелдерге одан да мынаны үйретіңіздер. Еркектің өзін емес, сол еркекке деген махаббатты жақсы көрген дұрыс. Еркекті жақсы көремін деп таусыласыз. Ал оған деген махаббатты жақсы көрсеңіз, өз ішіңіз сезімге толады, айналаңыз гүлденеді, жүзіңіз нұрланады, арадағы махаббат ұлғаяды. Адамға емес, сезімге ғашық болыңыз. Сол кезде еркек сізге ғашық болады”, – деп жазды әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.