in

«Әйелдерді тегін қызметші болуға үйретеді»: Баян Алагөзова танымал психологты сынады

Продюсер Баян Алагөзова белгілі психолог, коуч Мәрзия Бекайдардың отбасындағы әйелдің рөлі туралы айтқан сөзін сынады, – деп жазды Aikyn.kz.

Мәрзия Бекайдар келін өз орнын біліп, еріне бағыну керек екенін айтқан болатын. 

 

«Ажырасу мәселесімен маған көп әйел келеді. «Мен көнбеймін, тұрмаймын» деп. Мен сол кезде бірден «ажырасу сіздің проблемаңызды шешпейді» деймін. Өйткені сіз ажырасып кетсеңіз де, өзіңізді алып кетесіз. Келесіде тұрмысқа шықсаңыз да өзіңізді алып барасыз. Өзіңіздің мінезіңізді, өзіңіздің көзқарасыңызды. ішкі дүниеңізді. Ол жерде де тап сол проблемаға ұрынасыз немесе одан да жаман проблемаға ұрынасыз. Ажырасумен проблема шешілмейді. Тұрмысқа шығамын дегеннен бастап жауапкершілікті алу керек. Келін болып келдім ба, ол жерде мен келінмін. Мың дипломым болса да, әлемді қаратқан болсам да ауылға бардым ба, мен ол жерде келінмін. Қандай ерке болып өссеңіз де, бастық қызы болсаңыз да, бүкіл әлемнің ең мықты университеттің дипломы болса да сіз келінсіз ба, өз орныңызды білуіңіз керек. …Біз, әйелдер тұрмысқа шыққымыз келеді. Бірақ қолымыздағы билікті бергіміз келмейді. Бұрынғыдай еркін қыдырып жүргіміз келеді, олай болмайды», – деді ол.

Баян Мақсатқызы XXI  ғасырда, зайырлы мемлекетте әйелге осындай көзқарас болғанына ренішін білдірді.

«Тағы бір діни коуч әйелдерді барлық жетістігін, соның ішінде білімін, бизнесін жоққа шығарып, күйеуінің үйінде тегін қызметші болуға үйретеді, ал сұхбат алушы мұнымен толық келісіп отыр. Олардың түсінігінде әйелдің құндылығы – мойынсұну және өз орнын біліп, плитаның қасында тұру. Осы сөзді тыңдап, өзіне басшылыққа алатындар бар», – деді продюсер

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM    арнасынан табасыз.