in

“Әйелім екі бала қайда, тауып кел дейді”: Нұрлан имам өзіне қатысты тараған ақпаратқа жауап берді

Имам Нұрлан Байжігітұлы Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында “Нұрлан имамның жеті баласы бар” деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Интернеттегі ақпаратта қате кеткенін жеткізді.

“Әйелім де соны көріп сұрайды, «Екеуі қайда кеткен, тауып кел» деп. Негізі қате кеткен. Уикипедия ғой деймін. Негізі екі қате бар. Мені “1985 жылы имам болды” дейді. Мен ол жылы алтыда болдым. Негізі өзіме көпбалалы болған ұнайды. Мүмкін содан шығып кеткен шығар. Өзім әкеден, анадан жалғыз баламын. Жалғыз бала болғандықтан, көпшіл болуды үйретті. Балаларға жақын болуым да содан”, – дейді Нұрлан имам.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.