in

“Әкем енді мені демей алмайды”: Айсәуле Бақытбек отбасындағы сүйенішінен айырылғанын айтты

Айсәуле Бақытбек желіде қайын атасы Ербол Қайдаров өмірден өткенін хабарлап, оны еске алды. 

Оның айтуынша, марқұм қайын атасы әрқашан оны демеп отыратын. Бүгінгі “Сырласу” басылымындағы өзінің сұхбатын көріп, қайын атасының орны ойсырап тұрғанын сөз етті. 

“Бойымды алай-дүлей сезім билеп тұр, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сүйіктіме қарап, оның да жаны сыздап тұрғанын сеземін. Бірақ қолымнан келер шара жоқ. Мұндай жараны жамай алмайсың. Балаларыма қарап, олардың бұл дүниедегі ең көңілді, мейірімді, “ең жақсы дос” бола білген адамын күтіп отырғанын байқайсың. Енді келмейтінін  беске білесің, бірақ айта алмайсың. Балалар оны іссапарға кетті деп ойлайды, ал мен олардың көңіліне түсетін мұңды қалай жұмсақ жеткізсем деп аласұрып отырмын”, –  деп жазды Айсәуле мұңын шағып.

Айсәуле Бақытбек қайын атасы оны әркез мақтан тұтып, ол жайында жазылған барлық дүниені жібермей оқитынын сөз етті. 

“Әкеміз отбасымызда үнемі менің барлық сұхбатымды көріп, ұсақ жазуын да қалт жіберме стористерімді оқып, әрдайым мені мақтан тұтатынын айтуға ешқашан ұялмаған жалғыз адам еді.  Енді ол мені демей алмайды. Әке, біз де сізді мақтан тұтамыз. Біздің өмірде болғаныңыз үшін, сіздей адамның баласы болғанымыз үшін алғысымыз шексіз. Өресі биік, тәрбиелі, адал, шынайы жан едіңіз. Сізге бәрі үшін рақмет. Мен сізді қатты жақсы көремін және өмірде жоқтығыңызды қабылдауға тырысып, әрі қарай өмір сүріп жатқанымызды, бұдан әрі бақытты өмір сүруге ұмтыламыз, осының бәрін төбемізден сіз көріп тұрған боларсыз, –  деп жазды ол.