«Шімән апа» образы арқылы танылған әзілкеш Ерболат Төлеген емшіге барып, ауырып қалғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Актер әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, көпшілікті абай болуға шақырды. Сонымен қатар емшінің алдына барған сәттегі видеоны жариялады.
“Құрметті ағайын, сіздерге айтарым, мынадай емшісымақтарға сенбеңіздер, өтініш. Әлеуметтік желіге салмап едім. Біздің видеоларымызды әлеуметтік желіге салып, осыларды аяққа тұрғыздым деп жүр екен. Амал жоқ осы постты жазуға тура келді. “Алматыға керемет мануалист келді” деп балалар қоймай апарған. Сөйтсем, YouTube-тан 4-5 видео көріп алып, аяқ астынан емші болып кеткендер екен ғой. Дәл осы видеодағы емшіге бармаңыздар! Оң қолымды яғни сіңірін жыртып жіберді. 2-3 жылдай оң қолымды жұмыс істете алмай қиналдым. Енді сол қолдың иығын көтере алмай қиналып жүрмін. 4-5 жылдай болды әлі емін таппай жүрмін. Плазма терапияда, блакада да алдым кетпейді. Сіздерге айтарым, мұндай өтірік емшісымақтарға бармаңыздаршы, өтініш», – деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от 𝐘𝐞𝐫𝐛𝐨𝐥𝐚𝐭 𝐓𝐨𝐥𝐞𝐠𝐞𝐧 (@erbolat_tolegen)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.