Әнші Жазира Байырбекова келінін көпшілікке көрсетті, – деп жазды Aikyn.kz.
«Ал сүйінші! Келініміздің жүзін бейнебаянда көрсету – бір бөлек әсер. Жандос Қаржаубайдың әніне , Бақыт Қалибектің сөзіне жазылған “Бауырсағы балдай қыз” әні. «Әгугәй» ансамблімен бірге түсірілген бейнебаянымен көрерменге жол тартты. Жаңа туындыны тамашалап, жақсы көңіл күймен қабыл алыңыздар», – деп жазды өнер иесі.
Желі қолданушылары әншінің келіні өзіне қатты ұқсайтынын жазып жатыр.
«Құтты келін болсын», «Жазираның өзінен аумайды екен», «Келін қайын ененің топырағынан деген. Өзіңізге ұқсаған сыпайы, инабатты сұлу екен. Алла ұзағынан сүйіндірсін. Адал келін болсын», «Жастар бақытты болсын», деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
