Әнші Жанар Айжанова күйеу баласының шашын алып тастады , – деп жазды Аikyn.kz.
Әншінің күйеу баласы, блогер Сәкен Қағаровтың бұйра шашын желі қолданушылары жиі сынайды. Айжұлдыз Адайбекова желідегі парақшасында видео жариялады.
“Хейтерлер, сәлем! Армандар орындалады”, – деді ол.
Ал Жанар Айжанова күйеу баласының шашы өзіне ұнайтынын айтқан.
“Сәкеннің шашын көріп, халық “Дударбас” деп мазақтайды. Әңгіме қылып, күледі. Маған соның шашының бұйралығы ұнайды. Айжұлдыз бейсаналы түрде осы жігітті өзінің жағына ұқсатып таңдаған. Менің енемнің шашы саусақ кірмейтін тасбұйра болды. Қайынсіңлілерімнің де шашы сондай. Назар аумаған – Айжұлдыздың әкесі. Назар жасқа толғанда 90 жастағы енем келіп, “Өлгенім тірілгендей күйде отырмын. Адайбектің көшірмесі екен” деді. Қан тартып, жібермейді екен”, – деді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.