in

Әнші Мөлдір Әуелбекова Тұрсын Алагөзовке өтініш айтты

Әнші Мөлдір Әуелбекова кәсіпкер Тұрсын Алагөзовке өтініш айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол футболшыларға жеңілсе де, көлік мінгізуді сұрады. Сонымен қатар жанкүйерлердің іс-әрекетін сынға алды. 

“Тұрсын ағай! Қайратымыз бізге жеңіс сыйламаса да көліктеріңізді сыйға бере беріңізші! Олар қолдан келгенше, бар күш жігерін жұмсады! Шын тырысты! Бір қуанып қалсыншы. Түнімен бір сұрақ мазалады: Неге стадион тыныш, үнсіз отырды? Әлі жанкүйер болуды білмейтін болып тұрмыз ғой. Қоңыр киім киіп, телефонға түсіруді қатырдық. Бірең-сараң ғана сары түс болды. Ту туралы айтпай ақ та қояйық. Біз ұтылдық. Бұл – біздің айна. Қай деңгейдеміз, қай жаққа өсу керек екеніміздің көрсеткіші. 1902 жылдан бергі Реалдың кәсібилігіне төтеп берген жап-жас «Қайрат» мықты! Болашақ жарқын! Боранбаев Қайрат Советайұлына алғыс!” – деп жазды әнші. 

Айта кетейік, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов «Қайрат» футболшылары «Реалды» жеңсе, әрқайсысына көлік сыйлауға уәде берген еді. Ол көпшілікке қандай көлік мінгізетінін көрсеткен болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.