in

Ән шырқап, күйзелістен шықтым – Дженнифер Лопестің әнін қазақ тілінде орындаған қыз (видео)

Әлеуметтік желіде әлемдік хит әндерді қазақ тілінде орындап, танымал болған Мөлдір Байбуринова Jibek Joly телеарнасына сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Дженнифер Лопестің Ain’t Your Mama әнін қазақ тілінде орындаған өнерпаз бұл әннің мағынасы өзіне ұнағанын айтты. Сонымен қатар өміріндегі қиын кезеңнен ән арқылы шыққанын жеткізді.

– Джей Лоның  Ain’t Your Mama  туындысын аударып, орындау тиімді деп шештім. Ондағы «Жауапкершілікті өз мойныңа ал, сен бала емессің, есеюің қажет» деген жолдар маған ұнады. Бұл – кез келген адамға арналған кеңес. Кейде мен де өзімді бала сияқты ұстаймын. Маған өмірімде жаңа серпін қажет болды. Бір кезеңде күйзелісте жүрдім. Сол уақытта ішімдегіні ән арқылы шығардым, – дейді әнші.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от JIBEK JOLY (@jibek_joly.tv)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM    арнасынан табасыз.