in

Әуежайда қызға балағат сөз айтқан: әнші Жұбаныш Жексенұлына қатысты сот үкімі шықты

Әнші Жұбаныш Жексенұлына айыппұл салынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол 21 шілде күні Астана қаласындағы әуежайда қызға дөрекілік танытқан. Сот ресми мәлімет жариялады.

Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі) Т.-ға қатысты (Жұбаныш Тоқсанбаев – ред) істі қарады. 

Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 21 шілдеде сағат 00.30 шамасында Астана қаласының халықаралық әуежайында Т. азаматша С.-ға балағат сөздер айтып, қоғамға ашық түрде құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзған. 

Сот отырысы барысында Т. құқықбұзушылық жасағанын мойындап, сол сәтте эмоционалдық күйде болғанын, істеген ісіне өкінетінін және кешірім сұрайтынын жеткізді. 

Жәбірленуші С. оқиғаның болғанын растады. 

Құқықбұзушылық фактісі іс материалдарымен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен, құқық бұзушының түсініктемесімен, жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтарымен, сондай-ақ бейнежазбамен дәлелденді. 

ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, бұл құқықбұзушылық үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған. 

Сот істің мән-жайын, құқық бұзушының құқықбұзушылыққа дейінгі және кейінгі мінез-құлқын, сондай-ақ жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәні мойындау мен шын жүректен өкінуін, жазаны ауырлататын мән-жайлар – құқықбұзушылықты алкогольдік масаң күйде жасағанын ескере отырып, 20 АЕК (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салу туралы шешім қабылдады. 

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ. 

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Жұлдыздар Әлемі🌟 (@zhuldystar_alemi)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.