Әнші Балжан Бидаштың қазақ жігіттеріне қатысты пікір айтамын деп, сынға қалды, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі “Сыр” бағдарламасына сұхбат беріп, отбасы жайлы сөз қозғаған.
“Қазақ жігіттеріне ешкім жетпейді деп жатады. Мысалы, құрбым Фаризаның күйеуі – орыс. Фариза қазақ жігітіне шықса, жылап, бақытсыз күн кешеді. Көзінен нұры жоғалады. Қазір ол Андреймен бақытты. Әрине, қазақтың саны көп болуы керек. Бірақ сенің басқа ұлттың азаматымен әңгімең жарасып, іштей шын бақытты бола алатын болсаң, мен қарсы емеспін”, – деді әнші.
Желі қолданушылары оның сөзін қызу талқыға салды.
«Оны тікелей Жаханға айтсаң болады», «Өзі жақында басқа ұлтқа шығатын сияқты», «Қазақ жігітінің қадірін түсіріп тастады», “Балжанды қатты құрметтейтін едім», «Тексіздік сөзі», «Махаббат ұлтқа қарамайды негізі», «Бес саусақ бірдей емес», – деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.