Тележүргізуші Анна Данченко әлеуметтік желіде Сәкен Майғазиевтің ұлының тойы не үшін ақылы екенін айтты, – деп жазды Аikyn.kz.
“Сілтеме ақылы болады деп айтқан едім. Дұрыс түсініңіздер, мұны мен жасап жатқан жоқпын, ұйымдастырушылар да жасап жатқан жоқ. Тікелей эфирде тойды көрсету үшін арнайы рұқсат алу керек, оның ақшасы бар. Одан кейін серверге тапсырыс беру керек. Оның сомасы үлкен емес, 1000 теңгеден асады. Қымбат емес. Ол ақша Сәкен ағаның қалтасына түспейді. Отбасы да жарата алмайды. Ол ақша ПТС камерамен түсіретін ұжымға төленетенін және серверге берілетінін айтты”, – дейді Анна Данченко.
Айта кетейік, Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын онлайн көргісі келетіндерге хабарлама жасады. Желі қолданушылары тойды көру үшін 1380 теңге төлеу керегін айтып, талқыға салып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Інжу-Маржан (@inzhumarzhan55)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.