in

“Өзіңізге жараса кетті”: Мақпал Жүнісова Мадина Сәдуақасованың анасына сыйлық жасады

Халық әртісі Мақпал Жүнісова әнші сіңлісі Мадина Сәдуақасованың анасына ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Мадина сіңілім анасының 70 жасын жасап, nойлап қайттық. Ата-анасы бар адам ең бақытты бай адам. Алланың берері көп болып, ғасыр тойын тойлаңыздар!”, – деп жазды ол.

Ол мерейтойға шапан жауып, сақинасын тақты.

“Ақ шапан әкелгенім дұрыс болыпты. Өзіңізге жараса кетті. Тастамай киіп жүріңіз. 200 мың теңгені Мадинаға бердім. Ұнатқан сақинаңызды сатып аларсыз”, – деді Мақпал Жүнісова. 

Сондай-ақ тойдан өзі де құр қол қайтпағанын айтып, Мадинаның сыйлаған сөмкесін көрсетті. 

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)