in

“1 000 000 доллар айналымға жеттім”: әнші Мөлдір Әуелбекова кәсібі туралы айтты

Әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі бүгінде кәсібінің нәсібін көріп отырғанын айтты. Сонымен қатар ең бастысы өзіңе сену қажет екенін атап өтті.

«Ешкімнен ештеңе сұрамай, Алланың қолдауымен 1 000 000 доллар айналымға жеттім! Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап», – деп жазды әнші.

Айта кетейік, еліміздің бірнеше қаласында әншінің киім дүкені бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.