in

«100 әнші 100 мобилографымен келеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойына кімдер қатыспайтынын айтты

Әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойында қонақтар үшін арнайы ереже болатынын мәлім етті, – деп жазды Аikyn.kz.

Айтуынша, тойды ұйымдастырушылар талап қойып отыр: мобилографтар мен көмекшілер той залына кірмейді. Бұл реттілік пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында қабылдаған. Әнші ешкімді ренжіткісі келмейтінін, алайда талапты орындау қажет екенін айтты.

«Той ұйымдастырушылардың талабы бойынша, мобилографтарды кіргізбеу керек болып отыр. Әр әншінің көмекшісі, мобилографы маған қымбат. Іні-қарындастарым. Тойға келетін 800 адамның ішіндегі жүз шақтысы – әнші. Әрқайсысы жеке мобилографпен немесе көмекшімен келсе, жағдай қиындайды», – дейді әнші.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Anna Danchenko (@ann_2905)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.