Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовті еске алды, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші әлеуметтік желідегі парақшасына марқұм күйеуіне арнап бірнеше видео жүктеді. Сонымен қатар марқұм күйеуінің өлеңдерін жариялады.
«12 қараша Зәкеңнің өмірден озған күні. Топырағыңыз торқа болсын», – деп жазды Мақпал Жүнісова.
Әнші күйеуінің сүйіп тыңдайтын әндерін орындап, естелік айтты.
«Зәкең осы әнді домбырамын жиі айтқызатын еді», – деп, «Есіңе мені алғайсың» әнін шырқаған.
Желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, шығармашылығын жоғары бағалады. Олардың ішінде Димаш Құдайберген де бар.
«Керемет, Мақпал апай», – деп қолдау білдірді Димаш Құдайберген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
