Қазақстанда ғана емес, шетелде де өз оқырмандарын тапқан танымал блогер Нұргелді Драконның отбасы орны толмас қазаға ұшырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол анасының қандай дертке шалдыққанын айтты. Сонымен қатар оқырмандарына ата-ананың қасында көбірек уақыт өткізуге кеңес берді.
“Ассалаумағалейкум, достар. Өткен жұмада, өкінішке қарай, анамыздан айырылып қалдық. Әлеуметтік желіде себебін сұрап жазып жатқандар бар. Бес жыл бұрын анамыздан қатерлі ісік анықталды. Осы бес жылда біз дертпен күрестік. Барлық емді алдық, шетелге де бардық. Қолымыздан келгеннің бәрін істедік. Өкінішке қарай, Жаратушы анамызды арамыздан алып кетті. Сіздердің хаттарыңызды және пікірлеріңізді оқып жатырмын. Баршаңызға көп рақмет! Анама дұға жасағандарыңыз үшін рақмет! Ата-аналарыңызға, жақындарыңызға қамқор болыңыздар дегім келеді. Көбірек қасында болыңыздар. Өздеріңізді күтіңіздер!”, – деді блогер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Нұргелді Кердеш (@dragon_knm)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.