in

96 жастағы бұлбұл әнші Бибігүл Төлегенова көрерменді тәнті етті (видео)

Опера әншісі Зарина Алтынбаева әлеуметтік желіде КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегеновамен бейнежазба түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Бейнежазбада әншілер үйде, дастарқан басында бірге ана туралы ән шырқағанын көруге болады. 

«Бибігүл Төлегеновамен ән айттық. 96 жасында опера дивамыздың дауысы қандай ғажап екенін тыңдап көріңіздер», – деп жазды Зарина Алтынбаева.

Бұл әсерлі көрініс желі қолданушыларын бейжай қалдырмады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.