Актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрағына жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Желі қолданушысы актрисаға көз тию және қорқыныш жайлы сұрақ қойған.
«Күніне тастамай Аят әл-Курси оқып, айына бір құрбандық шалып, күнде санаңмен медитация жасасаң, бәле де болмайды. Бәрінен қорқа берудің қажеті жоқ. Бір Құдайға сеніп, өзіңді тапсырғанды үйрену керек», – дейді блогер.
Желі қолданушылары оның жауабын жылы қабылдап, алғыс білдірді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
