Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық меройтойына арналған «Халық менің шын атым» атты шығармашылық кеш өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кеш аясында архив қорынан алынған 1932-1946 жылдардағы сирек фотоқұжаттар негізінде көрме ұйымдастырылды. «Архив–2025» бағдарламасы бойынша Ресей дыбыс архивінен алынған Жамбыл Жабаев дауысының аудиожазбасы көрерменге ұсынылды.
Іс-шара барысында «Жамбыл» атты көркем фильм көрсетілді. Фильмде ақынның өмір жолы, шығармашылығы мен түрлі тарихи кезеңдегі қоғамдық рөлі баяндалады.
