in

«Арамызда қалсын бәрі…»: Мөлдір Мұқанова жас әншімен дуэт айтып, көзге түсті

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары, продюсер Мөлдір Мұқанова жас орындаушымен дуэт айтып, көзге түсті, – деп жазды Aikyn.kz.  

Мөлдір Мұқанова жаңа бейнебаянның үзіндісін әлеуметтік желіге жариялады. Ән «Арамызда қалсын бәрі» деп аталады. 

«Арамызда қалсын бәрі… Бұл – өнер. Жүрек пен шабыттың үндескен шағы. Сырт көзге жай ғана дуэт көрінгенімен, бұл мен үшін өнердің өрісі. Оқырманым, қолдау деген үлкен шабыт. Тілектес болу – нағыз өнердің өсуіне жол ашар алтын көпір. Әдемілікті бірге көріп, бірге сезейік. Өнерге жүрекпен қарайық! Оқырмандарымның ойын сан-саққа жіберген жігітті белгілеп қояйын, – деп жазды ол.

Бұл желі қолданушылары арасында  қызу талқыланды. Оқырмандардың бір тобы бұл бастамасын құптаса, енді бірі оның жеке өміріне қатысты түрлі болжам жасап жатыр. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.