Актер Рамазан Амантай қазір артық салмақ басты мәселесі болып тұрғанын айтты, – деп жазды Аikyn.kz.
Айтуынша, ол 10 жылда 88 келі салмақ қосқан. Сөйтіп, салмағы 158 келіден асқан. Актер жақындары оның денсаулығына алаңдай бастағанын айтты.
“158,5 келі… Болды, тоқтау керек. “Осы бала ауырмай ма?” деп сіздер де уайымдап кеттіңіздер. Ауырған ештеңем жоқ. Жай ғана өзімді жеңе алмай, еркелеп жүргенім болмаса. Өзімді қолға алатын уақыт келді. Ата-анам да, жақындарым да, бәрі уайымдай бастады. Бастау керек. «Қазақша бизнес» естеріңізде ме? Сол кезден бері, араға он жыл салып 88 келі қосып алыппын. Сұмдық па? Ештеңе етпейді, талай қиындықты жеңіп жүрміз. Алланың қалауымен бұны да жеңеміз. Сіздердің көз алдарыңызда семірдім, енді көз алдарыңызда арықтаймын», – деп уәде берді актер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Ramazan Amantay (@ramantay)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.