in

Аяужан Серғазықызы, актриса: Көрерменнің өміріне мағына бергім келеді

Ал сол сахнаның тынысын сезіп, әр кейіпкердің тағдырын жүректен өткізіп, көрерменмен бөлісу – нағыз актердің қолынан ғана келеді. Солардың бірі – жас та болса, театр сахнасында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып келе жатқан актриса Аяужан Серғазықызы. Бүгінде Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында еңбек ететін өнер иесі өзінің біраз тұшымды ойымен бөлісті.

– Ең алғашқы рөліңіз туралы айтып берсеңіз?

– 8 жылдық оқудан кейін ең алғашқы рө-лім — ке­ліннің рөлі болды. Бір қызығы – бұл рөл­де сөз мүлде жоқ еді. Тек қана іс-қимыл, эмо­ция және би арқылы келіннің өмірін сах­на­да көрсету керек болатын. Осы рөлде ән айту қа­білетімнің де көмегі тиді. Бұл – менің театр­дағы есте қалған алғашқы әрі қызықты спек­такль­дерімнің бірі. Бағыма орай, осы қойы­лым­мен Түркия еліне гастрольдік сапармен бар­дым. Сол елде сахнаға шыққанымыз күні бү­гінге дейін есімде.

– Эмоциялық тұрғыдан сізге ең қиын болған рө­ліңіз қайсы? Ол рөлде қандай сезімдерге бой ал­дырып, қалай күрестіңіз? Бұл тәжірибе сізге не үйретті?

– Соңғы қойылымым «Шеңбер» спек­так­лін­дегі Мария рөлі  мен үшін эмоциялық тұр­ғы­дан ең күрделі әрі ауыр рөлдердің бірі болды. Ма­рияның ішкі жан дүниесіндегі күрес, оның се­зімдері мен тағдырындағы қайшылықтарды жет­кізу оңай болған жоқ. Бұл кейіпкер арқылы мен адамның өміріндегі нәзік әрі ауыр сәттерді те­рең сезініп, оның ішкі әлеміне бойлау қажет­тігін түсіндім. Рөлге дайындығым ұзақ әрі терең болды: мәтінді жаттау ғана емес, кейіпкердің мо­тивтерін түсіну, оның іс-әрекеттерін сезіну маңызды болды. Көп еңбектенуімнің арқа­сын­да бұл рөл біртіндеп маған ашыла бастады, ал сах­нада өзімді Марияның орнына қойып, оның қай­ғысын, үмітін, қорқынышын шынайы жет­кізе алдым. Осы тәжірибе маған актерлік ше­бер­­ліктің шегін кеңейтіп қана қоймай, адам­ның ішкі жан дүниесіне деген терең түсінік пен адамгершілік сабақтарын берді. Сонымен қа­тар эмоцияларды басқару, өзін-өзі бақылау жә­не шығармашылық процесс барысында өзің­ді жаңаша тану қабілетін дамытты. Бұл рөл менің өнер жолымдағы маңызды белес болды деп есептеймін.

– Әртіс үшін маңыздысы талант па, әлде ең­бек пе?

– Менің пікірімше, әртіс үшін ең басты нәр­­се – еңбек. Тек таланттың құр өзі жеткілік­сіз, егер адам табандылықпен, шыдамдылықпен жұ­мыс істемесе, нағыз өнер адамына айналуы қиын. Ізденіс пен еңбекқорлық – бұл әртістің кә­сіби және рухани өсуінің негізі. Өз-өзіңді үне­мі жетілдіру, көп оқу, кино мен спектак­ль­дерді қарап, әртүрлі кейіпкерді зерттеу – өнер­дегі дамудың маңызды қадамдары. Сонымен қа­тар физикалық форма мен дауыс ырғағын сақ­тау да үлкен мәнге ие, себебі актерлік ше­берлік тек эмоцияны жеткізумен шектелмейді, ол дене мен дауыс арқылы да көрерменге әсер ету өнері. Осы себепті әртіс үнемі өзіне күтім жа­сап, шығармашылық пен денсаулықты қатар ұстай білуі қажет деп санаймын.

– Театр арқылы қоғамға қандай ой жеткізгіңіз келеді?

– Менің ойымша, актер үшін ең бастысы – көрерменге шынайылықпен қызмет ету. Театр сахнасы –  ойын алаңы ғана емес, ол адамның жан дүниесін зерттейтін, оның ішкі әлемін аша­тын ерекше кеңістік. Сондықтан мен әр рөл­ге жауапкершілікпен қарап, оны өмір сүру­ге, сезінуге, ойлауға лайықтап жасаймын. Се­бе­бі әрбір кейіпкердің тағдыры арқылы көрер­мен өз өміріндегі кейбір қиындықтар мен сұ­рақ­тарға жауап табуы мүмкін.

Театрдың күші – адамдардың жүрегіне жетуінде. Сол себепті мен үшін маңыздысы – кө­рер­меннің сенімін ақтап, оларға шынайы эмо­циялар жеткізу. Бұл  тек сахнадағы өнер  емес, сонымен бірге үлкен адамгершілік міндет. Әр қойылым – өзіңді қайта жаңарту, жаңа дең­гей­ге көтеру жолы. Мен сахнада әрдайым өзім­ді жаңаша сынап, дамуға ұмтыламын.

Сонымен қатар театр – бұл біртұтас ұжым­дық жұмыс. Әр әртіс, режиссер, костюм ше­бері, дыбыс операторы – бәріміз бірге көрер­мен­ге ерекше әсер сыйлайтын шығармашылық кеңістік құрамыз. Мен осы команданың бір бө­лігі болғанымды мақтан тұтамын және әр қойы­лым сайын осы миссияны одан әрі терең се­зі­немін. Осылайша, менің басты мақсатым – театр ар­қылы адамдардың жанын жарықтан­дыру, олардың өміріне мағына мен рухани күш қосу. Бұл – менің өнерімнің ең үлкен жетістігі.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан 

Айгерім СҰЛТАНҒАЛИ,

ЕҰУ студенті