in

«Ақ баталарыңызды беріңіздер»: декреттік демалыстан шыққан Ерке Есмахан қуанышты жаңалығын жеткізді

Әнші Ерке Есмахан декреттік демалыстан кейін сахнаға шығып, өнер көрсетті, – деп жазды Aikyn.kz.  

Өнер иесі Маңғыстау өңірінде концертке қатысты. Сонымен қатар күйеуі Raim-мен бірге де ән шырқады.

«Үш жыл декретте отырып, ең бірінші Маңғыстау өңіріне өнер көрсетуге келіп тұрмын. Енді жиі-жиі сахнаға шығып тұрамын деген үміттемін. Бүгін тұсауым кесіліп жатыр. Ақ баталарыңызды беріп қойыңыздар», – дейді  Ерке Есмахан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM   арнасынан табасыз.