Әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопес Алматыдағы концертінде көрерменге тосынсый жасады, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші сахнада мыңдаған көрерменнің алдында сәби күтіп жүрген жұпқа гендер-пати жасап, олардың болашақ сәбиінің жынысын айтты.
Концерт барысында әншіге ішінде УДЗ қорытындысы бар құпия конверт берілген. Джей Ло оны ашып, сәбидің жынысын қуанышпен хабарлады.
«Бұл – қыз бала! Тамаша, дені сау, бақытты болып өссін!» – деді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.