in

«Бұл – құрметсіздік…»: Баян Алагөзова концерт ұйымдастырушыларға ренішін білдірді (видео)

Продюсер Баян Алагөзова әртістердің еңбегі әділ бағаланбайтынын жеткізді , – деп жазды Aikyn.kz.  

Алагөзованың айтуынша, ұйымдастырушылар шетелден келген танымал жұлдыздарға жоғары ақы төлеуге дайын, ал қазақстандық әртістерге келгенде төмен гонорар ұсынады.

«Бірде маған хабарласып «Бүгін кешімізді Оксана Пушкина жүргізуі керек еді, бірақ келмейтін болды. Сіз келсеңіз» деді. Мен олардың Пушкинаға қанша төлеуі тиіс болғанын сұрадым, 25 мың доллар деді. Сонда мен «Осы соманы маған да төлесеңіз, келісемін» дедім. Олар үнсіз тұрып қалды. «Не болды?» десем, «Сіз өзіміздікісіз ғой» дейді. Мен «Менің қай жерім кем, неге 3 мың долларға келісуім керек?» дедім. Бұл әділетсіз әрі құрметсіздік», – дейді продюсер. 

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Баян Максатқызы (@bayanmaksatkyzy_)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.