in

“Виски әкелмесе, сахнаға шықпаймын”: Төреғали Төреәлі шатақ шығарды

Threads қолданушысы Сымбат Мақұлова елге танымал әнші Төреғали Төреәлі жайлы шындықты айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.

Оның айтуынша,  Төреғали Төреәлі әкесінің тойына мас болып келген. 

“Әкемнің 55 жасына Төреғали Төреәліні шақырдық. Өйткені әкемнің қатарластары Төреғалидың әндерін тыңдайды. Керемет көңіл күй сыйлайды деп ойладық. Бірақ ол ішімдік ішіп келді. Негізі той халал болған. Тіпті, жарты күн ерте келіп, ұйымдастырушылардан вискиге 32 мың төлеуді талап етті. 8 рет вискиге тапсырыс берген. Талабын орындамасақ, сахнаға шықпайтынын айтты. Бір кезде фонограммамен ән айтып, кетіп қалды”, – деп жазды ол.

Жазбаның астына көпшілік екі түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі Төреғалиды қолдаса, енді бірі тойға әнші шақырмауға кеңес берді. 

Еске салайық, Төреғали Төреәлінің еліміздегі біраз концерті өтпей қалған болатын.