Әнші Мексика астанасында екі жеке концерт өткізетінін мәлімдеді, – деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
8 қазандағы алғашқы шоу билеттері жылдам өтіп кеткендіктен, жанкүйерлердің сұрауы бойынша екінші Stranger концерті ұйымдастырылмақ.
Билеттердің алдын ала сатылымы 14 тамыз күні сағат 11:00-де Banamex жүйесінде басталады. Жалпы сатылым 15 тамызда, жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де ашылады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.